31 Наурыз, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №145

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2016 жылғы 18 наурыз,  Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Кедендік бақылаудың техникалық құралдарының тізбесімен оларды қолдану қағидасын бекіту туралы» 2010 жылғы 4 қарашадағы №1152 «Кедендік баждарды төлеуді кейінгіге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттардың тізбесін бекіту туралы» 2011 жылғы 7 сәуірдегі  №387 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Кедендік бақылаудың техникалық құралдарының тізбесі мен оларды қолдану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 қарашадағы №1152 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., №59, 569-құжат); 2) «Кедендік баждарды төлеуді кейінгі қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі №387 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., №48, 550-құжат). 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.